The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістанда аз пайызбен несиелендіру 2 есеге артты

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны  2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Толассыз жаңбыр: Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары. 10 елдің басшысымен келіссөз жасалды

admin

2026 жылы жалақы өсе ме?

admin