The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісу облысы бойынша ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды.

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

М.Әйтенов: «Еңбегі қорғалмаған азаматтың шағымы шешімін табу тиіс»

admin

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы атқарылып жатқан құрылыс барысын аралады

admin

Сотрудники логистического центра «Saianur» провели экологическую акцию

admin