The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда көше театрларының халықаралық фестивалі өтеді

Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен мәдениетті дамыту жөніндегі тұжырымдама әзірленді.

Биыл 27-29 қыркүйекте көше театрларының халықаралық фестивалі өтеді.

Қараша айында Түркістан өңірінің тумасы, Мемлекеттік және Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, театрдың негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына орай республикалық театрлар фестивалі өткізіледі.

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры жыл соңына дейін шетелге және еліміздің батыс өңірлеріне баруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар аталған театр ұжымдары тарапынан облыстың барлық аудан, қалаларына гастрольдік сапарлар ұйымдастырылады.

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының маусымы қыркүйек айының басында ашылды. Ал 13 қыркүйек күні Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры жаңа маусымның шымылдығын түрмек. Түркістан музыкалық драма театры қазан айында ІІІ маусымын ашады.

Ұқсас жаңалықтар

«Сельское хозяйство можно сделать брендом Келесского района»

admin

В трех регионах Казахстана ухудшилась эпидситуация

admin

Жаңа жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді

admin