The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістандық балуан еркін күрестен VI жазғы спартакиаданың жеңімпазы атанды

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасының күрес түрлері бәсекесі аяқталды. 3-ші ақпанда грек-рим күресінен бастау алып, әйелдер күресінен мықтылар анықталып, еркін күрес шеберлері қорытындылады. Төрт жылда бір өтетін кешенді додада балуандар жеңіс үшін барын салды.

Түркістан облысының намысын қорғаған 61 келідегі Нұрболат Абдуалиев барлық қарсыластарының жауырынын жерге тигізіп, дүбірлі доданың жеңімпазы атанды. Ал тағы бір түркістандық балуан Асылжан Есенгелді 61 келіде бақ сынап, қола жүлдені қанағат етті.

Еркін күрестен жалпы есепте Жамбыл облысы 1-орын алса, Астана қаласы 2-орыннан көрінді. Үшінші орынға Павлодар өңірінің еркін күрес шеберлері ие болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Енді сабақ жоспарын ЖИ жазады: Қазақстандық педагогтерге «ақылды ассистент» көмектеседі

admin

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жалғасуда

admin

Шымкентте ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында 532 оқушыға қолдау көрсетті

admin