The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл шаруаларды «TRADE IN» бағдарламасы бойынша жаңа тракторлармен қамту жұмыстары басталды. Бағдарламаның ерекшелігі — шаруалар өздерінің ескі техникаларын тапсырып, олардың орнына жаңасын алуға мүмкіндік жасалған.

«ЫРЫС» МКҰ арқылы жылдық 6 пайызбен 5-7 жылға несиеге алумен қатар, алынған техникаға 30 пайыздық мемлекеттік субсидия беріледі. Өткізілген ескі техниканың құны мен берілетін 30 пайыздық субсидия – жаңа трактор бағасынан шегеріледі. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 13 жаңа тракторды лизингтік шарттармен алып үлгерген. Оның ішінде, «КазАгроФинанс» АО арқылы — 7 , «Комтранслизинг» ЖШС арқылы — 4, «Ырыс» МКҰ арқылы — 1, «GrandStroyKaz» ЖШС арқылы — 1 техника лизингке алынған.

Аталған бағдарлама бойынша шаруалар толық мәлімет алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: «Ырыс» МКҰ +7705-430-88-88, «KAZ KIOTI»  ЖШС +7707-183-12-11.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қоғамдық көліктерде кітап оқу насихатталды

admin

ШЫМКЕНТ: «Шымсити» және «Тұран» шағын аудандарындағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

admin

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында «құт дарыған тайқазан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды

admin