The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістанның балуан қыздары командалық есепте үшінші орын иеленді

Күрес түрлерінен ҚР VI Жазғы Спартакиадасында әйелдер күресінен де мықтылар анықталды. Түркістан облысының бұрымды балуандары 113 ұпай жинап, жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді. Бұл сында 115 ұпай еншілеген Ақмола облысының саңлақтары екінші, ал, Алматы облысы командасы 144 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Бүгінгі бәсекеде түркістандық балуандар қатарында 57 келіде Нилуфар Раймова алтын медаль иеленді. Ал 65 келіде күш сынасқан Дариға Әбен күміс медаль еншілесе, қола жүлдеге 68 келіде Шәмшиябану Тастанбек пен 59 келіде Данагүл Мәлкен қол жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Созақ: Қаламгерлермен кездесті

admin

Сауда орталықтары қаншалықты қауіпсіз?

admin

Шымкентте мас ер адам үйіне келген учаскелік полицейді пышақтаған

admin