The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: Ербол Қарашөкеев «Қазфосфат» ЖШС зауытының жұмысымен танысты

Облыста өндіріс ошағының 5 филиалы бар. Онда 6800-ден астам адам қызмет етеді. «Қазфосфат» ЖШС өңірдің жалпы өндіріс көлемінің 30 пайыздан астам үлесін қамтып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында кәсіпорын жалпы сомасы 157,3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірген.

 Айта кету керек, 2022 жылы өндіріс нысанында жылына 500 мың тонна аммофос шығаратын цех ашылып, минералды тыңайтқыштар өндірісінің жылдық қуаты бір миллион тоннаға дейін артқан. Сәйкесінше 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңадан қабылданған қызметкерлер тікелей өндіріс орнында кәсіптік оқудан өткен мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев жеке қабылдау өткізді

admin

Түркістандық құрылысшылар төрт отбасыға баспана сыйлады

admin

ТҮРКІСТАН: өтініштер назардан тыс қалмайды

admin