The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жеке кәсіпкер 70 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті

Киелі Түлкібас өңірінде тағыда бір игі шара орын алды.

Өтегенов Азамат есімді жеке кәсіпкер Балықты, Арыс ауылдық округтері мен өзінің кіндік қаны тамған ауылы Қараағашты елді мекеніндегі 70 мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасы мен көпбалалы отбасындағы балаларға жалпы сомасы 2 млн. 500 мың теңгеге мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірді.

Айта кетерлік, бүгінде Түлкібас ауданында 700-ге жуық оқушыға «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны: Ақтөбеде тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер беріле бастады

admin

Дархан Сатыбалды қабылдау өткізіп, ойын алаңшасын орнату, денсаулық сақтау саласындағы және коммуналдық мәселелер қозғалды

admin

Бүгінде әр азамат елдің саяси өміріне еркін араласуға мүмкіндік алды – депутат

admin