The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соқты

Шымкентте бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Полиция мәліметінше, Howo миксер жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соққан.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. Самал базарына қарай бағыт алған жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған 8 автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан екен. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев әскери атақтар мен шендер беру туралы жарлыққа қол қойды

admin

2026 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өсе ме?

admin

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесті

admin