The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Тоқаев АЭС құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды. Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Полиция қызметкері қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

admin

Шымкент: қала әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

admin

Түркістан облысында заңсыз жанар-жағармай тасымалына тосқауыл қою шаралары күшейтілді

admin