The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған алаяқты анықтады

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті әлеуметтік желіге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.

Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Армения экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

admin

Сауран ауданында қоғамдық ұйым төрағаларымен жиын өтті

admin

Шымкентте «Сүйекші» трагедиясы сахналанады

admin