The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Беларусь президенті Өзбекстанға ресми сапармен барады

МИНСК. KAZINFORM — Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 7-9 ақпанда ресми сапармен Өзбекстанда болады, деп хабарлайды Каzinform ӨР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған.

Өзара тауар айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, фармацевтика, байланыс және басқа да салалардағы кооперациялық байланыстарды дамыту мәселелері басты назарда болады.

Сондай-ақ кәсіптік білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы серіктестікті дамыту бағдарламалары талқыланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қызыл Крест ұйымының Еленовкадағы абақтыға баруына әзірге рұқсат берілмеген

admin

Ресей олигархы Сүлейман Керимов Украинадағы соғыста ұлы өлген Дағыстан әйелдерін қажылыққа жіберген

admin

Шетелдік БАҚ-тың Қазақстанға қызығушылығы артып келеді

admin