The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Берлинде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша халықаралық форум өтті

Берлинде өткен азық-түлік қауіпсіздігі бойынша халықаралық форумға қазақстандық делегацияны ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бастап барды. Аграрлық сала өкілдерінің басқосуында Қазақстанның агросекторын дамыту мәселесі сөз болды. Министрдің орынбасары астық, майлы дақылдар, көкөніс, ет және сүт өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларға Қазақстан қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, неміс әріптестеріне еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Мұнан соң қазақстандық делегация ауыл шаруашылығы министрлерінің конференциясына қатысты. Жиында 70-тен астам елдің өкілдері басқосты. Қатысушылар агросектордағы озық технологияларды талқылап, азық-түлік қауіпсіздігі мен климаттың өзгеру мәселесін сөз етті. Ербол Тасжүреков, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі: — Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндігі өте жоғары. Сол себепті осындай бағыттағы мазмұнды жиындарға қатысудың маңызы зор. Бірақ бұл әлеуетімізді толық пайдалана алмай жүрміз. Осы себепті Германия, Еуропа елдерінің бизнес өкілдерімен ылғал үнемдеу, өндірісті арттыру және өнімді қайта өңдеу сынды агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын. Мемлекет басшысы агросектор бойынша қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/635651-berlinde-azy-t-lik-auipsizdigi-bojynsha-khaly-araly-forum-tti

Ұқсас жаңалықтар

Ұлыбритания: Путин ешқандай шартсыз соғысты тоқтату керек

admin

АҚШ визасы үшін 15 000 доллар кепіл енгізеді

admin

Иран Али Хаменеидің қазасын ресми түрде растады

admin