Қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды

0

Құқықбұзушылықтарды ескерту, қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Түркістан станциясындағы Желілік полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 8-12 тамыз аралығында  «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтуде.

Акция барысында қауіпті аймақта жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарға шойынжолдан өту қағидалары түсіндірілуде.

Жалпы жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылық бойынша – 907 дерек анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольді ішкілік ішу бойынша — 43, ұсақ бұзақылық  әрекеті бойынша-14, теміржолдан белгіленбеген жерден өту — 428 , теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю бойынша 10 тәртіп бұзышылық тіркелді.

Теміржолшылар көпшілікті қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алатын оқиғаларды болдырмау мақсатында арнайы аспа көпірді пайдалануға шақырып, оқушылардың теміржолда белгіленбеген жерден өту деректері бойынша түсіндірме шараларының жалғасатынын айтты.


ПІКІР ЖАЗУ