Жамбыл облысында 8 айда 268,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 7,2% құрады

0

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ағымдағы жылдың басынан атқарған жұмыстары туралы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді.

Брифинг барысында басқарма басшысы Аспандияр Сейсебаев облысымызда өнеркәсіп саласының даму динамикасында оң үрдіс сақталып отырғанын жеткізді.

“2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 510,0 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,8% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 60,3 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 114,2% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 11,8% құрайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 365,5 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 71,6%  құрады.

Келесі салаларда өнім көлемінің артуының нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан. Олар: химия өнеркәсібі (+56,0%), жеңіл өнеркәсіп (+29,3%), машина жасау (+49,6%). Өнеркәсіп өнімі көлемінің артуына кәсіпорындарда жаңа өнім түрі өндіріліп және жаңғырту жұмыстарының жүргізілуінің нәтижесінде қол жеткізілді.

Облыс өнеркәсібінің дамуын ынталандыру үшін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуына, ішкі нарықты отандық бәсекеге қабілетті тауарлармен қамтамасыз етуге, қойылған міндеттерді іске асыру арқылы кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен кедергілерді шешуіміз қажет.

Осы орайда ішкі және сыртқы нарықтарда тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі міндеттерді іске асыруда келесі шаралар атқарылуда:

2026 жылға дейін қара металлургияда – құрылыс арматурасын, түсті металлургияда – Доре қорытпасының алтын өндірісі, химия өнеркәсібінде – натрий цианиді, минералды тыңайтқыштар және т.б.; құрылыс индустриясында – кірпіш (керамика, керамзит,), темірбетон, бетон, құрғақ қоспалар және басқа да тауарлар өндірісін ұлғайту жоспарлануда”,-деп атап өтті басқарма басшысы.

Мәселен, қара металлургия саласында – «Тараз арматура зауыты» ЖШС жылдық қуаттылығы 200 мың тоннаға дейінгі құрылыс арматурасын өндіру жобасын іске асырған.

Ал, химия өнеркәсібінде – «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін өндіруді 30 мың тоннаға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. «ЕвроХим Тыңайтқыштар» ЖШС Минералды тыңайтқыштар өндіретін Химиялық зауыт құрылысын жүргізіп жатыр.

«Qazaq soda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асырмақ.

Құрылыс материалдары өндірісінде «Жамбыл гипс» АҚ өндірілетін тауарлар номенклатурасын (гипсокартон, құрғақ қоспалар), «Алина ПРО» ЖШС (плиталар, құрғақ қоспалар және т. б.) кеңейтуде.

Жеңіл өнеркәсіпте отандық шикізатты қайта өңдеуге, сондай-ақ аяқ киім, маталар, тоқыма бұйымдарын өндіруге бағытталған тауарларды өндіру жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру үшін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы және «Тараз» Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарының қызметтері жандандырылуда.

Кәсіпорындар үшін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қажетті инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, Аспандияр Сейсебаев Жамбыл облысында 2023 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша 268,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 7,2% құрағанын жеткізді.

Өткен жылы 62 млн. АҚШ доллары көлемінде (жоспар – 107 млн. АҚШ доллар) тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артты (20,2 млн. АҚШ долл.).

2023 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша 30,9 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды (2022 жылдың І тоқсан: -0,1 млн. АҚШ доллар).

Облысымыздың инвестициялық ахуалын бағалауда, сондай-ақ қажетті шараларды ұйымдастыру мақсатында апта сайын инвестициялық штаб отырысы өткізіліп тұрады.

Жыл басынан 38 штаб отырысында 95 жоба, оның ішінде жалпы құны 1,3 трлн. теңгені құрайтын 23 шетелдік инвестициялық жобалар қаралып, 80 млрд. теңге инвестиция тартылды.

 Ал, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 3,9%-ды (ҚР-3,4%) (9-орын) құраған.

Ағымдағы жылдың сегіз айында облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 111,9 млрд.теңгені құрайтын барлығы 38 615 кәсіпкерге несие берілген.

Бұл қаражаттың 59,8% яғни 66,9 млрд.теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 12,8% яғни 14,3 млрд.теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 21,4% яғни 23,9 млрд.теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы, 6% яғни 6,7 млрд.теңгесі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несиелендірілді.

Берілген несиелердің 44,4 млрд.теңгені құрайтын 3417 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.

“Облыста кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 2023 жылға 15,6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы сегіз айдың қорытындысымен Ұлттық жоба және Қарапайым заттар экономикасы бағдарламалар аясында 21,5 млрд.теңгені құрайтын 1002 жобаға қолдау көрсетілген.

Облысымыз 2010-2023 жылдар аралығындағы облыстар бөлінісіндегі рейтингте субсидия құралы аясында қаржыландырылған 6144 жобамен 5 орында, кепілдендіру құралы аясында қаржыландырылған 4348 жобамен 2 орында тұр.

2023 жылы облыстар бөлінісіндегі рейтингте субсидия құралы аясында қаржыландырылған 537 жобамен 6 орында, кепілдендіру құралы аясында қаржыландырылған 477 жобамен облыстар бөлінісінде 4 орында.

2022 жылдың қорытындысы бойынша облысымыз субсидия құралы аясында қаржыландырылған 2124 жобамен облыстар бөлінісінде 2 орын, кепілдендіру құралы аясында қаржыландырылған 2005 жобамен облыстар бөлінісінде 2 орында жылды аяқтады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арқасында жыл басынан 15 145 кәсіпкерлік субьектісі жұмысын бастап, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 107 717 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,4% өсті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанына ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар саны 157 125 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 122,0% өсті.

2023 жылдың 1-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 129,5  млрд. теңге өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріп 11,5% артты. (2022 жылы 116.1 млрд. теңге.)

2023 жылдың 1-ші тоқсанына жалпы өңірлік өнімдері үлесі – 20,5% құрап жалпы қосылған құн көлемі 112,3 млрд.теңге құрады.

Жыл соңына дейін жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 110 мыңға дейін және ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар санын 160 мыңға дейін өсуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы өңірлік өнімдері үлесінің 2023 жылдық жоспары 23,5% құрайды”-дейді басқарма басшысы.


ПІКІР ЖАЗУ