Жаңа министрге ескерту жасалды

0
Жаңа министрге ескерту жасалды

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сіз Мәжілісте бірінші рет болғандықтан, тілегімді білдіруге рұқсат етіңіз. Сіз қазақ тілінде қойылған барлық сұраққа рұқсат сұрамай, орыс тілінде жауап бересіз. Жасыңызға қарамастан сіз 18 миллион адамның ішінен министр болуға лайық атандыңыз. Сізді тәуелсіздіктің құрдасы десе де болады. Бірақ сұрақтарға ана тіліңізде жауап беруге дайын болмауыңыз ұят. Сізге бір өтінішім бар: ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын», — деді депутат Берік Дүйсембинов Мәжіліс отырысында.

Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігінің басшысы болып 2021 жылы 18 қаңтарда тағайындалды. Ол ең жас қазақстандық министр. Маусымда 35 жасқа толады.


ПІКІР ЖАЗУ