Бала ақынның жүз тақырыпты қамтыған жаңа жыр жинағы жарық көрді
Жастайынан зерек, поэзияға жаны құмар N32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы Ержанұлы Дінмұхамметтің жуырда жүз тақырыпты қамтыған «Мен өлкемді жырлаймын» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді.
Алты жасынан өлең жазған, шығармашылыққа жаны құмар бала ақынның бұл — жарық көрген екінші жыр жинағы. Мұқағалидей ақиық ақынның жырларын сүйіп оқыған, ұқсап баққан он төрт жасар бала ақынның «Жырлайды жүрек» атты алғашқы жинағы да көпшілік ықыласына бөленді.
Өртеніп өткен өр тұлғаның жырларынан от алған дарынды оқушы оқуда да озат. Республикалық додаларда білімін сынға салып та жүр.
🔰»Мәшһүр — Жүсіп» оқуларының облыстық кезеңінің 2- орын жүлдегері;
🔰Облыстық 7-10 сынып оқушылары арасында өткен жас ақындар байқауының «Азулы ақын» жүлдесінің иегері.
🔰Биылғы жылы алғаш рет өткен ауыл олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпазы атанған.
Жас ақынның ендігі белесі — күні ертең 14-ақпанда өтетін Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының облыстық кезенінен сүрінбей, республикаға жолдама алу.
ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАС ШӘКІРТ- СӘТІҢ КЕЛДІ БАС БӘЙГЕНІ АЛАТЫН!