Отырар: Балтакөлдегі ауыз су мәселесі аудан әкімінің бақылауында
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапары барысында Балтакөл ауылының ауыз су иммаратының жағдайымен танысты. «Отырар-Қызмет» МКК-на қарасты нысан 2010 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде елді мекендегі ауыз су жүйелерін жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары Балтакөл ауыл округіне қарасты Ақкөл елді мекеніндегі ауыз су мәселесін аудан әкімінің назарына жеткізді. Аталған елді мекенінің жер асты су қоры анықтау үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасымен тиісті шаралар атқарылып, Ұлттық сараптама орталығынан ауыз су үлгілерін зеттеру хаттамасы алынған. Ақкөл елді мекенін ауыз сумен қамту жұмыстарын жеделтету мақсатында 2023 жылдан жобалаушы «МПК-Проект» ЖШС-мен түзілген меморандумға сәйкес жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Аралау барысында аталған мәселелер өзекті екенін айтқан аудан әкімі жауапты сала басшыларына заң шеңберінде тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Мұнан соң Ақкөл ауылындағы «Ақкөл» бастауыш мектебінің құрылысымен танысты. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде салынып жатқан нысан алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 90 пайызға жуық жұмыстары аяқталған.
Аралау барысында аудан басшысы сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалауды тапсырды.