Референдум: Түркістанда ең жас дауыс беруші өз таңдауын жасады

0

Түркістан қаласында референдум аясындағы №133 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып, ең жас дауыс беруші келді. 18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады. Алғашқы үлкен таңдауын жасаған Несібелі ел тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жас дауыс берушіге учаске атынан арнайы сыйлық берілді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының халқы ел аумағында атом электр станциясын салуына қатысты ортақ бір шешімге келмек. Осыған орай, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелері өз қызметін бастаған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ