ТҮРКІСТАН: Ордабасы тұрғыны мемлекеттік грант арқылы бөдене шаруашылығын дамытуда

Түркістан облысында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан тұрғындар саны артып келеді.
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны Дәурен Сүлейменов өз ісін бастау үшін 2024 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда 34 жасар кәсіпкер бөдене шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруде.
Кәсіпкер бөдене еті мен жұмыртқасына сұраныс артып жатқанын айтып, алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
– Кәсіп бастау оңай емес. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен көмек болды. Алғашқы қаражатқа 1000 бас бөдене мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Бүгінде жаңа бастамам жемісін беріп, сұраныс артуда. Күніне 600 дана жұмыртқа алып, дүкендерге өткіземін, – дейді кәсіпкер.
Түркістан облысында кәсіпкерлерді қолдау шаралары жалғасын табады.