САРЫАҒАШ: Қызылжар ауылдық округіне қарасты 11 көшеге асфальт төселді

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округ  тұрғындарымен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстардың  мән-жайын баяндап, тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша заң аясында жауап берді.

-Тұрғындар уәжін тыңдап,орындап, орындалмау себебін нақты айтып жатқаныңызға алғыс білдіреміз. Бастысы барлық мәселенің орындалуы біз-тұрғындарға да байланысты,жұмысыңызға табыс тілейміз,-деп ауыл ақсақалы кездесуде аудан басшысына батасын берді.

Қызылжар ауылдық округіне қарасты 11 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. 2 көше бойына суағар, оған қоса бір көшеге аяқ жол орнатылды. Қызылжар елді мекеніне  трансформатор қондырғысы жаңартылып,  тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылды. Қызылжар ауылдық округінің орталық көшелер бойындағы  арық-атыздар тазаланып,Достық көшесіне жарықшамдар орнатылды. Ауыл шаруашылық жерлерге ағын су  жеткізу мақсатында арқылы өтетін   Қызылжар елді мекені арқылы өтетін  «47 тармақ» каналынан «Фронтавой» қашыртқы каналынан насос арқылы қосымша су тартуға  құбырлар  тартылды. Жаскешу елді мекеніне ойын алаңшасы мен воркаут  салынып, тұрғындар игілігіне табысталған. Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мақсатында Қызылжар елді мекенінен 56,7 га , Жаскешу елді мекенінен 5,4 га жер учаскесі бөлініп, аудандық мәслихаттың шешімімен елді мекен шегіне енгізілді. Ауылдық округте  «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы аясында  900 орындық мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде, биылғы жылы пайдалануға беру жоспарлануда


ПІКІР ЖАЗУ