Сайрам ауданында «тәртіпті өзіңнен баста» атты жастар форумы өтті

0

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Сайрам ауданында «Тәртіпті өзіңнен баста» атты жастар форумы ұйымдастырылды.

Аудан аумағындағы лудомания деңгейін азайту және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов, аудан прокуроры Даулет Тлемисов және оқушылар, колледж студенттері, шығармашыл мұғалімдер мен психолог мамандар қатысты.

Форумда сөз сөйлеген аудан басшысы Арман Сабитұлы лудоманияға қатысты мәселелер мен оның алдын алу туралы пікір білдіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

– Бүгін Сайрам ауданында арнайы форум ұйымдастырылып, лудоманияға қатысты мәселелер мен оның алдын алу туралы талқылауымыз бекер емес деп есептеймін. Себебі, ойынқұмарлық – қазіргі қоғамның дертіне айналып барады. Өкінішке орай, елімізде ересектер ғана емес, балалар арасында да құмар ойынға тәуелділердің қатары көбейіп келеді. Бұл Сіз бен бізді алаңдатуы тиіс өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі форум мазмұны ерекше деп білемін. Жай ғана қызығушылықпен басталатын ойындарға қатысып, тәуелді болып қалудан сақ болыңыздар. Бақытты балалық шықтарыңызды жат жүрістің жолында құрбан етпей, жастық жігерлеріңізді, білімге деген құлшыныстарыңызды тиімді пайдалану қажет, — деді аудан басшысы Арман Сабитұлы.

Форум барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, аудан прокуроры Даулет Бекбашұлы,  Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай сөз сөйлеп, олар қазіргі таңда қоғамда көп таралған интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары жайында жан жақты түсіндіріп, оның қаупінен сақтануға шақырды.


ПІКІР ЖАЗУ