Жас жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту міндеттелуі мүмкін

0

 Қазақстанда ата-аналарды оқыту жүйесін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды. Редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда ата-аналарға міндетті оқыту курстарын енгізу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. 

Оқу-ағарту министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын.

Қаулы жобасының 23-2 тармағында ата-аналардың «Ата-ана мектебі» курстарынан міндетті түрде өтуін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынысы енгізілді. Бұл талап келесі жағдайларда қарастырылады:

— Некеге тұру.
— Жүктілік және босануға дайындық.
— 3 жасқа дейінгі балаларды бақылау.
— Балаларды балабақшаға немесе мектепке қабылдау.

Оқыту курстары отбасыны қолдау орталықтары, жастар денсаулығы орталықтары және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында ұйымдастырылады, — делінген министрліктің ресми жауабында.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып, егжей-тегжейлі пысықталады.


ПІКІР ЖАЗУ