Алматыда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда

0
Дархан Сатыбалды Жұбанов көшесіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар мамырда басталып, қарашада аяқталмақ.
🛠 Жоба аясында тротуар плиткалары төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық шамдары орнатылады. Балалар және спорт алаңдары салынады. Сондай-ақ бейнебақылау камералары мен автоматты суару жүйесі қойылады.
🌳 Көгалдандыру аясында 15 мыңнан астам бұта мен гүлзар отырғызылады. Қала әкімі газондар мен ылғалды көп қажет ететін өсімдіктердің орнына, күтімі жеңіл әрі құрғақшылыққа төзімді түрлерді тамшылатып суару әдісімен отырғызуды ұсынды.
📌 Жұмыс сапарының қорытындысында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызуды қамтамасыз ету және абаттандыру барысын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

ПІКІР ЖАЗУ