Сақ болыңыз! Астанада 24 жүргізуші мас күйінде ұсталды

0

 Полиция қызметкерлері таңғы уақытта жүргізуші куәлігі жоқ, масаң күйдегі 26 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өткен демалыс күндері Астанада көлікті мас күйінде басқарудың 24 жағдайын анықтады. Соның бірі таңғы уақытта тіркелді. Елорданың бір көшесінде полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігі жоқ, масаң күйдегі 26 жастағы ер адамды тоқтатты.

Медициналық сараптама оның ағзасында алкоголь барын растады. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа жеткізілді, — деп жазылған Астана қаласының ПД хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада осындай 1296-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген. 


ПІКІР ЖАЗУ