2028 жылға қарай өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі қысқарады

0

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, жергілікті бюджеттердің кірістері 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, бюджет субвенцияларының көлемі мынадай болады:
• 2026 жылға – 5,1 трлн теңге;
• 2027 жылға – 6,4 трлн теңге;
• 2028 жылға – 6,8 трлн теңге.

Ал бюджеттен алынатын қаражат көлемі:
• 2026 жылға – 0,9 трлн теңге;
• 2027 жылға – 1,1 трлн теңге;
• 2028 жылға – 1,4 трлн теңге.

2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін болады, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор өңірге айналады. Біздің бағалауымызша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді, – деді Әмрин.


ПІКІР ЖАЗУ