Шымкентте аялдамалар жаңаруда

0

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады.  Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қалада  250 аялдама павильоны орнатылды.  Оның 170 данасы ескі аялдаманың  орнына, ал  80 данасы бос орындарға қойылуда.  Айта кету керек,  қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал  40%-ы  шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды.  Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала  аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 182 нысан немесе 311,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл соңына дейін 169 нысан (270,3 шақырым) пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.


ПІКІР ЖАЗУ