Түркістан: Төлебиде жылу қазандықтары жаңартылды

0

Төлеби ауданы жылыту маусымына толықтай дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданында қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар нысандардың жылыту қазандығы толық тексеруден өтіп, қатты отынмен қамтылған. Биыл жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары кестеге сәйкес жүйелі жүргізілген. Қоймадағы көмір қоры да жеткілікті. «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорыны Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданда орналасқан көп қабатты 12 тұрғын үй және А.Байтұрсынов көшесіндегі № 25 Б үй жылу қазандығы арқылы жылумен барлығы 15 көп қабатты тұрғын үйді қамтамасыз етеді. Тұтынылатын отын түрі — табиғи газ. 2021-2022 жылғы жылу маусымы 15 қазанда басталды. 2021-2022 жылу беру маусымында жаңадан салынып жатқан 10 көп қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйлердің қосылуы күтілуде. Осыған байланысты 2019 жылы орнатылған 2500 кВт қазандығына қосымша 2300 кВт 2 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу маусымында 2 дана қазандық жұмыс жасап, 1 қазандық резервке қойылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілген 2 қазандық дизель отынымен де жұмыс жасауға арналған. Жылу қазандығында орталықтандырылған жарық сөнгенде электр энергиясын беретін генератор орнатылған. Қазіргі таңда сыртқы жылу желілерімен көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі құбырлармен элеваторлар тексеріліп, істен шыққан топсалар ауыстырылды. Аталған жұмыстар толық аяқталып пайдалануға берілді. Жауапты мамандар тұрғын-үйлердегі жылу температурасын үнемі тексеріп отырады. «Төлеби ауданы бойынша 2020-2021 қысқы маусымда Ленгір қаласында орналасқан «Демеу» ЖШС-нің көмір отынын сақтайтын қоймасы халықты қатты отынмен қамтамасыз етеді. Коймаға тасымалданатын көмір түрі-Шұбаркөл. Көмір бағасы тоннасына -14800 тг. Қазіргі таңда қоймаға 6000 тонна көмір тасымалданған. Қыстың түрлі тосын мінезіне сақадай саймыз», — дейді мекеме басшысы. Егер, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлерде температура төмен түскен жағдайда, «Төлеби су шаруашылығы» коммуналды мемлекеттік кәсіпорынының 6-42-38 сенім телефонына хабарласуға болады.



ПІКІР ЖАЗУ