The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар жіберген құжаттар бір күнде қаралады

Бүгін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Ол 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтіліп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді, — деді министрліктің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімдігі бір көлікті 37,3 млн теңгеге сатып алмақ

admin

2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші құрықталды

admin

Жетісайда жергілікті блогерлердің қатысуымен су қауіпсіздігі бойынша рейд өтті

admin