The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

«9 млн турист тіркелмеген». Министр себебін түсіндірді

 2024 жылы Қазақстанға 10,4 миллион шетелдік турист келгенімен, олардың 9 миллионы тіркелмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі туристер саны 10,5 миллион адамға жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артық. Ал Қазақстанға әртүрлі мақсатпен келген шетелдік қонақтар саны – 15,3 миллион. Олардың 10,4 миллионы елімізде бір күннен артық уақыт болған. Біз оларды шетелдік туристер қатарына қосамыз, – деді министр.

Алайда нақты статистикаға жүгінгенде, 10,4 миллион шетелдік туристің 9 миллионы қонақ үйлерде немесе өзге орналастыру орындарында тіркелмегені белгілі болды.

Қазіргі уақытта шетелдік келушілер туралы дерек Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің есебі негізінде, ал ішкі туристер жайлы мәлімет орналастыру нысандарының ақпараты арқылы қалыптастырылады, – деді Ербол Мырзабосынов.

Ұқсас жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына келді

admin

Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу

admin

Мүгедектігі бар балаларға арналған шағын үй ашылды

admin