The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің капитаны мен ұшқыш кім?

 Әуе кемесінің капитаны – Игорь Кшнякин. Ресей азаматы. Ол көп жылдық тәжірибесі бар маман, әуеде 15 мың сағаттан астам ұшқан, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 11 200 сағат – капитан лауазымында. Ресейлік БАҚ-тың мәліметі бойынша командир әуедегі жағдайға байланысты Ақтаудағы қосалқы айлаққа баруға шешім қабылдаған. 

Ал ұшақты тізгіндеген ұшқыш – Александр Калянинов. Ол Баку еуропалық лицейінің түлегі. Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, жас ұшқыш қызмет барысында ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Калянинов лицейде білім алу кезінде үздік студенттердің бірі болған. 

Қайғылы оқиғадан кейін ол түлеп ұшқан лицей Каляниновтың отбасы мен жақындарына көңіл айту хатын жолдады. Онда «ұшақ даусын естіген сайын Александрды еске аламыз» делінген.

Еске сала кетейік, кеше сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды. Маңғыстауда апатқа ұшыраған ұшақ бұған дейін Түркияда келеңсіз оқиғаға тап болғаны белгілі болды.

Болған қайғылы оқиғаға байланысты бүгін Әзербайжанда аза тұту күні деп жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы “Көк базар” тексеріледі: Саудагерлер қысым туралы шағымданған

admin

Қазақстандағы қымбатшылық: Экономист салдарын, себебін, шешу жолын түсіндірді

admin

4 жекеменшік мектеп биыл пайдалануға беріледі

admin