The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Ауа райына қарамастан теміржол штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қолайсыз ауа райына қарамастан ҚТЖ желісінде еліміздің барлық өңірлеріне пойыздар еш кедергісіз қатынап тұр. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚТЖ желісінде еліміздің барлық өңірлерінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кезекшілікке дайын 280-нен астам қар тазалайтын техника жұмылдырылған. Қолайсыз ауа райында теміржолшылар үздіксіз тасымалдау процесін ұйымдастыруға барынша күш салып отыр.

Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту бойынша жұмыстар үздіксіз тәулік бойы жүргізілуде. 3-4 қаңтарға қараған түні Ақмола, Қостанай, Павлодар, Абай және Қарағанды өңірлеріндегі темір жолдарды тазарту үшін 11 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта күндізгі ауысымда 10 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, кешеден бері жолда қалған 500 жолаушы пойызбен қатынауға мәжбүр болды.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны. Атыраулық полицейлер гуманитарлық көмек жөнелтуге атсалысуда

admin

Астана әкімдігі шеруге кіре алмаған ардагерден кешірім сұрады

admin

Мұнай бағасы $100-ден асты: Иран мен Израиль қақтығысы жаһандық дағдарысқа әкеле ме?

admin