The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бәйдібек: аудан әкімі бірқатар нысандардың кемшіліктері бойынша қатаң ескерту жасады

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Байдібек ата елді мекеніндегі «Орталық саябақтың» құрылыс жұмыстарын тексеріп, құрылыс барысында орын алған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекеменің басшысына ескерту жасап, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарына жұмыстың сапасын қадағалауды және белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы Жарықбас елді мекеніндегі ауыз су ұңғымасының жұмысын бақылап, оның іске қосылуы мен су жеткізу жүйесінің сапасын тексерді. Ауыз суға жауапты мекемеге ұңғыманың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және халыққа сапалы ауыз су беру үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды тапсырды.

Қазіргі кезде ауыз судың сынмамасы алынып, тазарту жұмыстары жүргізілуде. Лабараториялық сарапатамадан ішуге жарамды деген қорытынды берілген.

Аталған жобаның аяқталуы ауыл халқының тіршілігін жақсартуға оң әсер ететіні белгілі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 1,7 млн азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылған

admin

Түркістандық оқушылар газбен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан

admin

Отырар: аудан басшысы елді мекендегі ауыз су жүйесімен танысып, жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысын аралады

admin