The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Есірткімен күрес: Шығыс Қазақстанда 86 қылмыстық іс тіркелді

 Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес барысында 10 есірткі лабораториясы жойылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 50 нақты құқықбұзушылық анықталды: 35-і – сату, 2-уі – аса ірі көлемде сақтау, 13-і – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру. Сонымен қатар, 1 контрабанда фактісі тіркеліп, заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 37 келі марихуана және 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, — делінген хабарламада.

Есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында өңірде 100-ден астам профилактикалық іс-шара – дәрістер, дөңгелек үстелдер, ақпараттық акциялар мен спорттық кездесулер ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Арыста ұлттық киімнің сән шеруі өтті

admin

Түркістан облысында «Тұран су» мекемесі мен 8 аудан, қалаға 29 заманауи техника тапсырылды

admin

Халық қалаулысы Қазығұртта болды

admin