Қарағандыда кафеде жарылыс болды

0

Құтқарушылар екі газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, үлкен апаттың алдын алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда бір қабатты, жеке тұрған кафеде ағаш конструкциялар жанған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы болған.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екі тұрмыстық газ баллонды алып шықты. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпығанымен, жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.