The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бүгін Астанада 100-ге жуық жол апаты тіркелді

 Астанада ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 100 жол-көлік оқиғасы орын алды. Таңертеңнен бері елорда аумағында жүзге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары жүргізушілерді аса мұқият болуға шақырып, нашар көріну мен жол жағдайының қиындауын ескеруге кеңес береді.

Жеке көлікпен жолға шыққанда ауа райының қолайсыздығы мен қозғалыс шектеулері (көктайғақ, боран және т.б.) туралы ақпаратты ескеру маңызды. Кенеттен маневр жасамау, көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден 1,5-2 есе ұлғайту қажет, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Сонымен қатар, Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды. Тұрғындар мен қонақтарға қала сыртына сапарға шықпауға кеңес беріледі.

Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін көлік құралдарын жол жиегінде қалдырмауларыңызды сұраймыз, – делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, Астанада боран соғып тұр, ал Ақмола облысы жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны. Тоқаев көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді

admin

ТҮРКІСТАН: облыс әкімінің орынбасары Ордабасыдағы әлеуметтік нысандарды аралады

admin

Түркістанда түйе сүтін өңдейтін «GOLDEN CAMEL» зауыты қайта іске қосылады

admin