The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Атырау облысында кен орнындағы жұмысшылар жарақат алды

Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті.

№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған. Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.

Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді, – делінген хабарламада.

Оқиға туралы Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп түрмеге отыруы мүмкін – экс-кеңесші ескерту жасады

admin

Оңтүстік Корея үкіметі Президент импичменті шешімінен кейінгі қадамдарын жариялады

admin

40 жылдық тарихы бар қуыршақ театрының ғимарат мәселесі

admin