The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстанда 10-нан көп SIM-карта алатындар бақылауға алынбақ

 Қазақстанда бір адамға тиесілі SIM-карталар санын шектеу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта SIM-карталарды қолдануға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Егер құжат күшіне енсе, 10-нан көп SIM-карта сатып алатын азаматтардан оның қандай мақсатта пайдаланылатыны сұралады.

Мақсатсыз пайдалану айыппұлмен жазаланады. Мобильдік операторлар SIM-картаның трафигі арқылы қолдану мақсатын анықтай алады, — деді Мәдиев.

Цифрлық даму министрлігі бір адамға тиесілі SIM-карталар санын шектеу бастамасын былтырдан бері көтеріп келеді. Бұл шара алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

IM-карталардың қалай қолданылып жатқанын мобильдік операторлардың технологиялары арқылы бақылауға болады. Егер мақсатсыз пайдаланылғаны анықталса, айыппұл түріндегі жауапкершілік қарастырылады, — деді Жаслан Мәдиев.

Еске сала кетейік, енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өту керек болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімі жол құрылысын қадағалады

admin

Облыс әкімінің қабылдауында болған екі отбасы баспаналы болды

admin

Түркістан облысы «жылдың цифрлық трансформациясы» номинациясын иеленді

admin