The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қостанайда тайғақ жолда автобус екі көлікке соғылды

Қостанайда №8 бағытындағы автобус пен екі жеңіл көлік қатысқан жол апаты болды.

Оқиға 13 наурыз күні сағат 15:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында, «Балалар әлемі»дүкенінің маңында орын алған. Апат салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жүргізушілер айналма жолмен жүруге мәжбүр болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жолдың көктайғақ екенін ескермей, жылдамдықты дұрыс таңдамаған. Салдарынан ол алдымен сол бағытта кетіп бара жатқан Toyota көлігіне соғылып, кейін Lada маркалы көлікпен тағы бір соқтығыс болды.

Оқиғада зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті материалдар жиналғаннан кейін процессуалдық шешімді сот қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ерлі-зайыпты атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

admin

Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты

admin

ТҮРКІСТАН: «TURAN» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

admin