The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шенеунік кәрізге бөлінген қаражаттан 75 млн теңге алмақ болған

 «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жолдыбаевқа5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот залында сотталған адам қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілер бөлім командирінің Кубогына додаға түсті

admin

Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені белгілі болды

admin

Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады

admin