The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шымкентте алимент төлемеген борышкер сотталды

Сот борышкерден кәмелетке толмаған баланы асырау үшін барлық табыс түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы қаулы шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот орындаушысының қаулысының негізінде борышкердің қарыз сомасы 6 млн теңгеден асқандығы анықталған.  Оған қарыз жөнінде және жұмыспен қамту қажеттілігі және жұмыспен қамту орталығында тіркелу туралы бірнеше рет хабарланған. Осыған қарамастан ол 2007 жылдан бері сот актісінің талаптарын орындамаған. Сот үкімімен «С» есімді борышкерге ҚР ҚК 139-бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, — делінген ақпаратта.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді. Балаларға қамқорлық жасау — ата-ананың басты міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда республика күніне орай 100 түп ағаш отырғызылды

admin

Дархан Сатыбалды «Эко-культура» холдингінің президентімен кездесті

admin

Жасөспірімге ішімдік сатқаны үшін айыппұл арқалады

admin