The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізеді

 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.

Оның аясында қазақ-өзбек қарым-қатынасын тереңдету мүмкіндіктері, халықаралық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев былтыр сәуірде Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізген еді. Оның барысында ресми Астана мен Ташкент арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Ұқсас жаңалықтар

Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады

admin

ТҮРКІСТАН: «Жайлы мектеп» құрылысы депутаттар назарында

admin

«Павлодар-Водоканал» компаниясы тұтынушыларына 177 млн теңгені қайтарып береді

admin