The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ҰҚК Қазақстандағы қылмыстық схеманы анықтады

 Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз тіркеуге көмектескен ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкереленген. Жергілікті тұрғын ұйымдастырған схема бойынша шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз түрде тіркеліп, жалған жұмысқа орналасу және мекенжайға тіркелу арқылы елде қалуға мүмкіндік алған.

2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының шешімімен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, – делінген ресми хабарламада.

ҰҚК заңсыз рәсімделген барлық құжаттардың күші жойылғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны: Ақтөбеде тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер беріле бастады

admin

Шымкентте ұлы абай мұрасы ұлықталды

admin

Парламенттік реформа: Жұмыс тобы бір палаталы Парламенттің міндетін анықтайды

admin