The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: №5 жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстары қадағалануда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сала мамандарымен бірге Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстарын бақылады.

Қазіргі таңда №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Бақылау барысында №11 қазандық қондырғысына химиялық жолмен жуып, шаю жұмыстары жүріп, тексерілді.

Қыркүйек айының соңына дейін №9 және 10 казандықтардың, ал қараша айының соңында №7,12 қазандықтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Зұлпыхар Сансызбайұлы жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырып, жөндеу жұмыстарының басты назарда болатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Ұлыбританияның тағы да 29 азаматына санкция салды. Арасында саясаткерлер мен журналистер бар

admin

Түркістанда «тіл – ұлт қазынасы» атты мәдени іс-шара өтті

admin

Алматыда атақты «Байсат» базары сатылымға шығарылды

admin