The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: 89 жастағы пациентке күрделі ота сәтті жасалды

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында алғаш рет 89 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.

Науқас 31 қаңтар күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 2025 жылдың 1 ақпанында сол жақ жамбас буынына цементсіз биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Науқастың жағдайы бірқалыпты.

Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген науқас буындарындағы ауырсынуы жеңілдеп, белсенді өмірге қайта оралады. Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.

Айта кетейік, бұрын мұндай ота түрлері басқа мекемелерде жүргізіліп келген. Қазіргі таңда травматологиялық көмектің барлық әдісін Ордабасы аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін алуға мүмкіндік бар.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп түрмеге отыруы мүмкін – экс-кеңесші ескерту жасады

admin

Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ

admin

Алматы облысында 150 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

admin