The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан қаласының әкімдігі кәсіпкерге 27 млн теңге тұрақсыздық айыбын төледі

 Түркістан қаласында кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылы наурыз айында «Дорстрой» ЖШС мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Түркістан қаласындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалды.  Аталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталып, тапсырыс беруші нысанды қабылдап алған. 

Қала әкімдігі жұмыс ақысын 3 жылға кешіктіріп төлегені үшін «Дорстрой» ЖШС әкімдіктен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгініп, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан, — деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасы. 

Алайда, облыс прокуратурасы шығарылған шешіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізіп, нәтижесінде мемлекеттік мекемеден кәсіпкердің пайдасына 27 млн теңге тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Ұқсас жаңалықтар

Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстанның Иран және Израильмен саудасына қалай әсер етуі мүмкін

admin

Түркістан облысында 270 мыннан астам адамға тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салынады

admin

«Шымкент аруы» Instagram-дағы «ойындары» үшін жазаланды

admin