The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: облыс тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге алдын ала жазылған облыс тұрғындары фильм жобасы бойынша, кинотеатр көрсетіліміне қолдау көрсету, облысымыздың  спортшысына атақ-дәреже беру, мәдениет үйіне есім беру және «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу, БАҚ-қа қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс мәселелері бойынша өтініштерін айтты. 

Ертай Кенжебекұлы қабылдауға жазылған  облыс тұрғындарының өтініштерін мұхият тыңдап, шешімнің заңды жолдарын түсіндірді. Облыс әкімінің орынбасары көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.

Айта кетейік, облыс әкімінің  орынбасарларының жеке қабылдауы белгіленген кестеге сәйкес өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті

admin

Президент: Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек

admin

Вице-премьер Түркістан облысындағы «қосқорған» су қоймасының жай-күйі мен аймақтың су тасқынына қарсы дайындығымен танысты

admin