The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді

Шұбар ауылының іргесіндегі «Арыс» өзенінің жағасында жұмыс істей бастаған «АҚ ОРДА Б» ЖК-нің өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді.

Жалпы аумағы 4,5 гектар. Оның ішінде 1,3 га жерге тоған қазылып, 20 мың сазан шабағы жіберілген. Жоба құны – 20 млн теңге. Жылына 60 мың тонна сазан шабақтарын өсіріп отырған шұбарлық кәсіпкер Бақытжан Бекбосынов осы кәсіпке ден қойған. Келесі жылдан бастап өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Бүгінде кәсіпкер тағы 3,0 га жерге тоған қазуды жоспарлауда.

Айта кетсек, қазіргі таңда Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

admin

Шымкентте 2026 жылы 48 шақырымдық айналма жол жүргізіледі

admin

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысушылар саны 2 есеге артты

admin