The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын қайтарымсыз грант алып, балық шаруашылығымен айналысуда

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бүгінде облыста тауарлы балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны 230-дан асты.

Ордабасы ауданында да бұл салаға қызығушылық танытқан тұрғындар бар. Аудандағы Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Асылхан Мырзаханов ЖК 0,15 гектар үй іргелік жер телімінен жасанды көл жасап, балық шаруашылығымен айналысуды қолға алған.

Кәсіпкер балық шаруашылығымен айналысу мақсатында 2023 жылы мемлекет тарапынан 1 млн 350 мың қайтарымсыз грант алған. Қазіргі уақытта ол 500 мың уылдырық алып, 100 мың сазан шабақтарын өсіруде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша 11 шаруа қожалығы балық шаруашылығымен айналысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр?

admin

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді

admin

Жыл соңына дейін 20 балалар ойын алаңшасы орнатылады

admin