The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінің қоғамдық қабылдау алаңында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Әкім орынбасарымен бетпе-бет кездесуге Сайрам, Жетісай, Келес, Ордабасы аудандарының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі мәдениет, спорт және ақпараттық салаларға қатысты болды. Атап айтқанда, БАҚ-қа қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс мәселелері бойынша өтініштер, облыстың құрметті азаматы мәртебесін беру, «Еңбек ардагері» төсбелгісін алу, мәдениет саласын дамыту, ауылдық шалғай жерге клуб салу, қоғамдық ұйым жұмыстарын жандандыру, асық ойынын Наурыз мерекесінде дәріптеу, футбол спортын дамыту жобалары ұсынылды.

«Тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды» деген облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды. Өтініштер бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Tik-Tok» желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды

admin

Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану туралы жиын өтті

admin

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауды меңгерді

admin